ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

@erli_zaiyp

You can view and join @erli_zaiyp right away.

474подписчиков
Ежемесячно🇬🇧

Похожие каналы

Все →

Последние посты

💥 Пайғамбарлық ескерту: "Бұл үмметтің соңын сараңдық пен бос қиял-үміттер опат етеді".Абай бол бауырым!Қосымша мынаны тыңдашы:https://t.me/sunnetpen_tanysu/602

16 дек. 2025 г.374В Telegram
ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — пост в ТГ канале

✍🏼 Ибн Абдураббих өзінің «әл-Ғақд әл-Фарид» кітабында Шурайх деген қазының бір әйелге үйленгені туралы оқиғаны келтіреді. Ол некеден кейін әйелдің бөлмесіне кіріп, оған қолын созғанда, әйелі: «Тұра тұр, Абу Умайя, асықпа», – деді. Сосын сөзін жалғап: «Барлық мақтау-мадақтар Аллаһқа болсын, Оған мақтау айтып, Одан жәрдем сұраймын. Мухаммад пайғамбар мен оның отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Мен сен үшін (бұрын) бөтен (болған) әйелмін, сенің мінезіңді білмеймін, маған не нәрсені ұнататыныңды айтшы, соны орындаймын және не нәрсені ұнатпасаң, содан аулақ боламын. Сенің өз әулетіңде де сен үйленуге лайық әйелдер болды, менің әулетімде де мен тұрмыс құруға жарайтын ер адамдар бар еді. Бірақ Аллаһтың шешімі орындалады, енді сен маған иелік етесің. Сондықтан Аллаһтың әміріне сай әрекет ет: «...не жақсылықпен ұстап қалу, не жақсылықпен жіберу». Мен осыны айта отырып өзіме де, саған да Аллаһтан кешірім тілеймін», – деді.Шурайх былай дейді: «Осылайша ол мені де сөз айтуға мәжбүр етті, сонда мен былай дедім:“Барлық мақтау-мадақтар Аллаһқа болсын, Оған мақтау айтып, Одан жәрдем сұраймын. Мухаммад пайғамбар мен оның отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Содан кейін:Егер сен жаңа айтқан сөздеріңді ұстансаң, бұл сенің несібең болмақ, ал егер оны ұстанбасаң, сол айтқан сөздерің өзіңе қарсы дәлел болады. Маған мына-мына нәрселер ұнайды, ал мына-мына нәрселер ұнамайды. Біз енді біртұтаспыз, сондықтан бізді бөлуші болма , егер жақсы бір нәрсе көрсең, оны жарияла, ал жаман нәрсе көрсең, оны жасыр”. Ол: «Туыстарымның үйге келуіне қалай қарайсың?» - деп сұрады. Мен: «Мен сенің бауырларың мен жезделеріңнің жиі келіп, мазамды алғанын қаламаймын», - деп жауап бердім.Сосын ол: «Үйге қай көршілеріңді кіргізгің келеді, ал қайсысын ұнатпайсың?» - деп сұрады.Мен: «Пәленшенің отбасы – жақсы адамдар, ал түгеншенің әулеті – нашар адамдар», - дедім».Шурайх былай деп сөзін жалғады: «Мен онымен ең тәтті түнді басымнан кешірдім, және одан өзіме тек ұнайтын нәрселерді ғана көріп оным

9 дек. 2025 г.463В Telegram
ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — пост в ТГ канале

Әйелдер төрт санаттың біріне жатадыӘйелдердің кейбір санаттары туралы айтудың уақыты келді. Сен де өзіңнің қай санатқа жататыныңды қара.✍🏼 Ибн Хиббан «Нузхату әл-фудолә» кітабында әл-Хаттаб ибн әл-Муаллә әл-Махзумидің ұлына айтқан өсиетін келтірген. Ол сөзін аяқтай келе былай дейді: «Біл, әйелдер бір-бірінен қолдың саусақтарынан да қатты ерекшеленеді. Олардың ішіндегі азап келтіру үшін жаралған әрбір жаман мінезді әйелден сақ бол. Ондай әйелдерге мыналар жатады: 👉🏼1) Өзін жоғары ұстайтын, күйеуін менсінбейтін әйел. Егер күйеуі оған құрмет көрсетсе, ол оны солай болуы тиіс деп қабылдайды. Ол жасалған жақсылыққа ризашылық білдірмейді және азға қанағат етпейді. Оның тілі күйеуі үшін ұшқындаған қылыштай болады, ұятсыздық оның бетінен ұятшылдық пердесін жұлып тастайды, ол тіпті көршісінен де ұялмайды. Мұндай әйел үргіш, ашулы, қабаған ит секілді. Бұл әйелдің күйеуінің жүзі мұңды, ал ар-намысы қорланған болады. Ол дін үшін де, дүние тіршілігі үшін де, махаббат үшін де, көп бала үшін де күйеуіне қамқорлық жасамайды. Оның күйеуінің сырлары әшкере, ал жасаған жақсылығы жерленген болады. Куйеуі таңды күйінген күйде, ал кешті ашумен қарсы алады. Күйеуінің сусыны – күйініш, тағамы – ашу, баласы жоғалған, үйі қараусыз қалған болады. Күйеуінің киімі лас, басы сабалақ болады. Ол күлсе – аз күледі, сөйлесе – солғын сөйлейді. Оның күні – түн, түні – қайғы. Мұндай әйел күйеуін жылан немесе шаян сияқты шағады.👉🏼2) Мiнезi нашар, зәрлі бажылдақ, өсек тарататын, әр желмен желпiп, әр қанат иесiмен ұшатын әйел. Егер күйеуі «Жоқ» десе, ол «Иә»,- дейдi; егер күйеуі «Иә» десе, ол «Жоқ», - дейді. Күйеуін ұятқа қалдырады және оның иелігіндегіні менсінбейді. Күйеуімен салғыласады, оны басқа еркектерден өзін төмен сезінуге мәжбүрлейді, оның көңіл-күйін өзгертуге ықпал еткені сонша, күйеуі өз үйін жек көріп, өз баласынан жалыға (немесе безе) бастайды. Оның өмірі нашарлап, титықтағаны сонша, бауырлары оны танымайтындай, ал көршілері оны аяйтындай болады. 👉🏼3) Ақымақ, жетесіз әй

3 дек. 2025 г.478В Telegram

✨ Еркектердің әйелдерге әрі әйелдердің еркектерге ұқсап еліктеуіне тыйым салынғандығы туралы

10 сент. 2025 г.630В Telegram

✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару✍️ 87- бап: Көркем мінез туралыОсы баптағы Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Сендердің араларыңдағы мен үшін ең сүйіктілерің әрі Қиямет күні маған ең жақын болатындарың - мінездері ең көркем болғандарың. Ал мен үшін ең жек көрініштілерің әрі Қиямет күні менен ең алыс болатындар - өзгелерге сөз бермей, ауыздарын толтырып, шіреніп сөйлетіндер әрі тәкапарлар", - деген хадисінің түсіндірмесі.

13 авг. 2025 г.757В Telegram

✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару✍️ 87- бап: Көркем мінез туралыОсы баптағы Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Адамдарды Жәннатқа ең жиі кіргізетін не?" - деп сұрағанда, ол: "Тақуалық және көркеммінез", - деп жауап бергені және оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Мүминдердің ішінде иманы ең кемелі - ең көркеммінездісі, ал сендердің ең жақсыларың өз әйелдеріне ең жақсыларың", - деген хадистерінің түсіндірмесі.

8 авг. 2025 г.621В Telegram
ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — пост в ТГ канале

✍ Даналық маржандарынан:Сен қаншалықты бұл дүние туралы қам жейтін болсаң, соншалықты жүрегіңнен Мәңгі, Ақырет өмірі туралы қам жеу кететін болады, әрі сен қаншалықты Ақырет өмірі туралы қам жейтін болсаң, соншалықты жүрегіңнен бұл дүние туралы қам жеу кетеді.✍ (с) Мәлик ибн Динар (Аллаһ оны рахым етсін)

30 июл. 2025 г.1 940В Telegram

✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару✍ 87- бап: Көркем мінез туралы Осы баптағы Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Ізгілік - бұл көркеммінезділік, ал күнә - көкірегіңде ыңғайсыздық туғызатын әрі сен адамдардың оны білуін қаламайтын нәрсе", және: "Расында, сендердің ең жақсыларың ең көркемінезділерің", - деп айтқан хадистерінің түсіндірмесі.

27 июл. 2025 г.578В Telegram

✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару✍️ 87- бап: Көркем мінез туралы Осы баптағы Әнастың (оған Аллаһ разы болсын): "Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) алақандарынан жұмсақ жібек те, дибаж да ұстаған емеспін...", - деген және Соғб ибн Жәссаманың "Мен Аллаһтың Елшісіне жабайы есекті сыйға тарттым, бірақ ол оны қабылдамады... әрі маған: "Мен тек ихрамда болғандықтан ғана бұны сенен қабылдай алмаймын", - деп айтты" деген хадистерінің түсіндірмесі

11 июл. 2025 г.580В Telegram
ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — пост в ТГ канале

Шейхул-Ислам Ибн Таймия (Аллаһ оны рахым етсін) өзінің пәтуалар жинағында (10/185) былай дейді: "Егер еркек жүрегін әйелге байласа, онда жүрегі соның тұтқыны болып қалады, әрі ол сырттай оның мырзасы болып көрінгенімен, шын мәнісінде оның тұтқыны әрі иелігіндегі адамы (құлы) болады. Өйткені жүректі құлдыққа алу денені құлдыққа алудан едәуір үлкен".

9 июл. 2025 г.481В Telegram