Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі.Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі.Дәуірі мен билігіне саналғанмен алымды,Ұлтын сатқан ақындар бар, бірақ жыры дарынды…Ерлігі жоқ, елдігі жоқ, аузы ғана белсенер, Сөзден ісі алшақ жатса, оған қалай ел сенер?Неге бүгін ұлт мүддесі науқас жандай теңселер?..Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен өлшенер.шай және искусство 18+
шай және искусство (18+)
@irohkoke
🫖шай ішейік, ботақан?жарнама: @kobelek444📌 каналдың маршруты:#электронды_нұсқа#обзор#мақала#әуен
Похожие каналы
Все →Последние посты
Біp үмітке біp үміт жалғадым,Көп-ақ екен бергенімнен алғаным.Заңғар көкке самғағаным не керек,Саған ұшып бармаған соң арманым.Әнмен айтып балаңдығын, пәктігін,Көктем де өтті зорға басып аптығын.Күнде баққа қыдырғаным не керек,Сен қасымда болмаған соң, шаттығым.Батты қанша күн қызарып, атты қанша таң күліп,Кеудемнен сан жұлдыз ағып, тау құлады жаңғырып.Сонда да мен сенімімнің бepіктігін ән қылыпТым айнығыш сезімдерді ар отына жандырып.Жүріп келем асыл әнім, жүріп келем паң күліп,шай және искусство 18+
Махаббат пен сұлулыққа сенгеліалғаш тапқан сұлуымсың сен менің.Сенде бірақ тіршілік жоқ, ең абзалқуыршақсың қиып тіккен қағаздан.Қағазым мен қаламыма сенгеліойлап тапқан сұлуымсың сен менің.Сұлуымсың ойлап тапқан оңаша,сондықтан да толқытасың мені аса.Көкірегіңді от боп қарып жыр тілішыланбайды сенің қайқы кірпігің.Сөз айтқанда сырлы тілдер нендей бір,бетіңе қан ойнап шыға келмейді.Сүйдім сені, көп жүдедім, көп аздым, – ерінінде от бола ма қағаздың!Қағазға арнап қағаз сөзді жазғалыөзім қағаз болып кете жаздадым. Жұмекен Нәжімеденовшай және искусство 18+
Сен маған бақыттасың, қайғыдасың,өмірсің, таусылмайтын бай мұрасың.өлермін сол сезіммен. Маған десе,аспаннан қара жерге Ай құласын,әйтеуір, анық менің айнымасым.Сен маған күлкідесің, ашудасың,ойым жоқ сенен өңге басымда, шын...Мейлің сен не десең де...Анық бірақөзгенің мойынына асылмасым,өзіңді құшып-сүймей басылмасым.Сен маған жасын болдың көктемдегі,қақ жарған жүрегім мен от кеудені.Бағым ба, қасіретім бе — кезіктірдімбұрын-соң қиялымда жоқ пендені.Сонан соң күйіп-жанып алауладым,ұмыттым Ай, Күн барын, самал барын.Әйтеуір, алай-түлей сол сезімменжаныма бір тыныштық таба алмадым.шай және искусство 18+
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?!О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!Ғашықпын. Қайтіп оны жасыра алам,Бір алтын оның әр тал шашы маған.Сағынайын, таусыла сағынайын,Сағынышқа жаралған ғашық адам.Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?шай және искусство 18+
Шыда, Шыда,Шыдай түс, шыда тағы!Шыдамдыны мына өмір ұнатады.Үміттің құлан иек құла таңыӘйтеуір бір атады, бір атады.Өкінбе, өкпелемеБүгініңеөмір, өмір!Болмайды түңілуге.Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.Түсінемін жаныңның ауырғанын,Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.Иогтардың тәсілін қабылдағын,Басқасына бас ұрып табынбағын.Шыда, шыдаШыдай түс, тағы шыда,Тау құлатқан тасқынның ағысына.Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,Қарысуға болады, алысуға...шай және искусство 18+
Рахат, мені тастап, қоймадың тыныш,Ғашық жар, ағайын, дос — бәрі алдағыш.Жастық құмар үміттің нұры қайтып,Күңгірт тартты, бәрінің аяғы реніш.Ұнатпаймын тағдырды, дүниені,Жасқантып жалынта алмас о да мені.Алладан бәрі бір деп тосып тұрмынАлғалы жақсылықты я өлгелі.Қара жұрт қарап көріп, сөзге нанбас,Ант етемін, жалғанын жан таба алмас.Өзі алданып, өзгеден соққы жеген,Және өзі біреуді алдай алмас.Соққан дауыл сияқты өмір өтер,Қайғырмаймын, білемін, көзім жетер.Кеудемде осы жүрек тұрған шақтаЖақсылық жоқ өзіме мен дәметер.Ол жүректің жалынын басар бірақ,Өлсе, көрде бастырған су топырақ.Өзі сүйіп, өзгеден сүю іздеп,Таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ.шай және искусство 18+
Мен сені сағынғанда,Қарамай жауындарға, дауылдарга,Қарсы қарап жүземін ағындарға,Кеудемде қимылдаған жаным барда,Мен сені сағынғанда,Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.Мен сені қызғанамын,Қызғаныштан мұз шайнап,Тұз жаладым.Шаңқылдап алдымнан шық,Ана-қыран,Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,Жет тездеп,Дауыл тұрғыз қанатыңнан.Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран,Қыранбыз, қырандардан жаратылған!Сағыныштың сағымын жамылғанда,Қарамай қара нөсер қағынғанға,Саған ұшам,Қалмайды сабыр жанда,Мен сені сағынғанда, сағынғанда...шай және искусство 18+
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.Ғашық жыры — тіршіліктің көкейтесті өлеңі.Ешбір геометрияменӨлшенбейтін көлемі.Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері.Ғашық болу келсе кімнің қолынанӘлем соған сенеді.Құлай сүю — ерлікпен тең себебі!шай және искусство 18+
📚МҰХТАР АҒАДАН ЖАЛЫНДЫ СӨЗ!Міне, нағыз бүгінгінің батыры,Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау төзіне.Неткен қайсар сұлулық бұл, - деп бір орыс ақыныЖас алыпты көзіне.Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,Жігерімен дүр сілкінткен даланы.Сұлулықты сезінуден қалған жанБәрінен де қалады.Жер бетінде жел өшірген із аз ба,Жігерсіздің өрісі әркез тар болған.Отызында кемпір болған қыз аз ба,Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!🌟 шай және искусство 18+