Физика және Ғарыш

Физика және Ғарыш

@phyandspace

Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspaceFacebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/

106подписчиков
Ежедневно🇷🇺

Похожие каналы

Все →

Последние посты

https://youtu.be/AC0bRiSO3bs

20 июн. 2026 г.22В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

21 МАУСЫМ — ЖАЗҒЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ2026 жылы 21 маусымда 13:24-те Күн аспандағы жолының ең солтүстік нүктесіне жетеді. Әр күн сайын биігірек доға сызып өтетін Күн, бір орында тоқтағандай көрінеді, сондықтан құбылыс "Маусымдағы күн тоқырауы" деп аталады. Енді Күннің аспандағы жолы күн санап төмендей береді.Маусымдағы күн тоқырауы сәтінде Солтүстік жартышарда астрономиялық жаз, ал Оңтүстік жартышарда қыс басталады. Бұл күні Солтүстік жартышарда ең ұзақ күн мен ең қысқа түн бақыланса, Оңтүстік жартышарда — керісінше.Ақтауда 2026 жылғы 21 маусымда Күн 5:53-те шығып, 21:20-да батады, демек күннің ұзақтығы 15 сағат 26 минут 41 секунд, ал түннің ұзақтығы 8:33:19. Салыстыру үшін, 21 желтоқсандағы қысқы күн тоқырауында күннің ұзақтығы 8:55:38, түннің ұзақтығы 15:04:22.#астрокүнтізбе

20 июн. 2026 г.19В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

Шолпан мен Ай, 17 маусым 2026Фото авторы: EkamagШолпан мен Ай, 17 маусым 2026Фото авторы: Ekamag

20 июн. 2026 г.16В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

ПЛАНЕТАЛАРДЫҢ КІШІ ШЕРУІ: ЕКІНШІ КЕШЖоғарыдан төмен қарай сап түзеген Шолпан, Ай, Есекқырған, Меркурий, 17 маусым 2026 жылФото авторы: DreamerAndrey#фотокөрме

19 июн. 2026 г.18В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

ПЛАНЕТАЛАРДЫҢ КІШІ ШЕРУІЖоғарыдан төмен қарай: Шолпан, Есекқырған, Меркурий және Ай орағы, 16 маусым 20261. Солтүстік жартышардан көрініс2. Оңтүстік жартышардан көрінісФото авторлары: m_iashh_a, ВадимБүгін, шерудің екінші күні, Ай орағы Шолпан мен Есекқырғанның арасынан байқаладыПЛАНЕТАЛАРДЫҢ КІШІ ШЕРУІЖоғарыдан төмен қарай: Шолпан, Есекқырған, Меркурий және Ай орағы, 16 маусым 20261. Солтүстік жартышардан көрініс2. Оңтүстік жартышардан көрінісФото авторлары: m_iashh_a, ВадимБүгін, шерудің екінші күні, Ай орағы Шолпан мен Есекқырғанның арасынан байқалады

17 июн. 2026 г.27В Telegram

Ақмола облысындағы қараусыз қалған Заозёрный кентін 3D-аралау (уран өнеркәсібіне қатысты "№3 Объект").Евгений Волковтың жұмысы.Заозёрный Астанадан 270 км қашықтықта, Бурабай бағытында екен.#геодерек

16 июн. 2026 г.26В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

17 МАУСЫМ 2026 — АЙ ОРАҒЫ ҮШ ПЛАНЕТАМЕН БІР САПТА2026 жылғы 17 маусымда қараңғы түсе, батыстан ерекше жарық Шолпан (-4,0m) мен Есекқырғанның (-1,8m) арасынан жіңішке Ай орағын (Ф= 0,07+) көре аламыз. Меркурий (+0,7m) де олармен бір сызық бойында дерлік (яғни эклиптика жазықтығында), бірақ біршама төмен орналасады. Босағаның сол жақтауын құрайтын Егіздердің екі жарық жұлдызы да осы маңда. Ал 18 маусымға қараған түні 01:00—03:43 аралығында Ай Шолпанмен тоғысады. Құбылыс қос Америка құрлығынан бақыланады, бізде олар бұған дейін батып кетеді. Есекқырған мен Меркурийдің кешкі көріну кезеңдері аяқталуға жақын, аспан ашық болса, бақылап қалыңыз. #астрокүнтізбе

16 июн. 2026 г.27В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

Falcon 9 зымыраны туғызған үш соққы толқыны дақтары бар Күн фонындаImage Credit & Copyright: John Winkopp (WAI Media)#фотокөрме #nasa_apod

15 июн. 2026 г.25В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН КОНГО — ЕКІ БӨЛЕК ЕЛОйлағанымыздай-ақ, біздің футбол журналистері мен блогерлері Конго Демократиялық Республикасын (бұрынғы Заир, астанасы Киншаса) Конго дей бастады. Конго деп негізі басқа мемлекетті — Конго Республикасын (астанасы Браззавиль) атайтынын білу бұлар үшін жаңалық болар еді. Ал құрамасы FIFA Әлем кубогында Өзбекстанмен бір топта ойнайтын елді қысқаша Конго ДР, КДР деген жөн. Бір қызығы, Киншаса мен Браззавиль Конго өзенінің қарама-қарсы жағаларында орналасқан. Өзеннің төменгі ағысын еуропалықтар Заир деп те карталаған. Қазіргі Конго ДР елі Мобуту Сесе Секоның билігі тұсында, 1971-1997 жылдары ресми түрде Заир атауын иеленген еді. #геодерек #саужойКОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН КОНГО — ЕКІ БӨЛЕК ЕЛОйлағанымыздай-ақ, біздің футбол журналистері мен блогерлері Конго Демократиялық Республикасын (бұрынғы Заир, астанасы Киншаса) Конго дей бастады. Конго деп негізі басқа мемлекетті — Конго Республикасын (астанасы Браззавиль) атайтынын білу бұлар үшін жаңалық болар еді. Ал құрамасы FIFA Әлем кубогында Өзбекстанмен бір топта ойнайтын елді қысқаша Конго ДР, КДР деген жөн. Бір қызығы, Киншаса мен Браззавиль Конго өзенінің қарама-қарсы жағаларында орналасқан. Өзеннің төменгі ағысын еуропалықтар Заир деп те карталаған. Қазіргі Конго ДР елі Мобуту Сесе Секоның билігі тұсында, 1971-1997 жылдары ресми түрде Заир атауын иеленген еді. #геодерек #саужой

14 июн. 2026 г.27В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

НЕГІЗГІ ЖАПОН ЗЫМЫРАНЫНЫҢ H3-30S НҰСҚАСЫ АЛҒАШ ҰШЫРЫЛДЫЖапониялық H3 зымыранының қапталдағы үдеткіштері жоқ H3-30S конфигурациясындағы алғашқы ұшырылымы сәтті өтті: орбитаға жүктеменің масса-габарит макеті мен 7 кубсат шығарылды. H3-30S нұсқасы төмен жермаңы орбитаға (ТЖО) 4 тоннаға дейін жүк шығара алады және егер ұшыру құны жеткілікті төмен болса, коммерциялық сұранысқа ие болуы мүмкін. H3 қазіргі қолданыстағы зымырандар арасында таза сутегі отынымен ұшатын жалғыз тасығыш, демек экологиялық жағынан ең тазасы да. 2026 жылғы 12 маусымдағы старт Жапонияның негізгі зымыранының былтыр желтоқсандағы H3‑22S нұсқасының апатынан кейінгі бірінші, ал жалпы 8-ші ұшырылымы (6-ы сәтті) болды. H3 1-сатыдағы LE-9 қозғағыштары саны (2 немесе 3), қапталдағы қатты отын жағатын SRB-3 үдеткіштері саны (0, 2 не 4) және жүктеме қақпағының өлшеміне қарай (S - қысқа, L - ұзын, W - кең) төрт конфигурацияда құрастырылуы мүмкін.#зымыранұшыру #ЖапонияҒарышта

14 июн. 2026 г.20В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

Есекқырған мен Шолпан, 9 маусым 2026 жылЭйвбери, ҰлыбританияImage Credit & Copyright: Josh Dury#фотокөрме #nasa_apod

13 июн. 2026 г.16В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

12/13 МАУСЫМ 2026 — ҮШ КЕШКІ, ЕКІ ТАҢҒЫ ПЛАНЕТАКешке бұрынғыша жарқыраған Шолпан мен Есекқырған батыс аспанның сәнін келтіріп тұр. Олардың оң жағынан және төменірек, Егіздердің арасынан Меркурий де көрінеді. Ал 13 маусымда таңғы елең-алаңда шығыс көкжиек үстінен жіңішке Ай орағының қасындағы қызыл Марс байқалады. Бұлардан жоғарырақ Сатурн көзге шалынады. #астрокүнтізбе

12 июн. 2026 г.19В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

Юпитер мен Шолпан, 8 маусым 2026 жыл. Әл Аламейн, МысырФото авторы: Петр КалмыковЮпитер мен Шолпан, 8 маусым 2026 жыл. Әл Аламейн, МысырФото авторы: Петр Калмыков

12 июн. 2026 г.20В Telegram
Физика және Ғарыш — пост в ТГ канале

STARBASE, 21 МАМЫР 2026 ЖЫЛТехас штатындағы SpaceX компаниясының Starbase ғарыш кешені. Pad 2 ұшыру алаңында 12-ші сынаққа қатысқан Starship зымыраны тұр. Алғашқы он бір Старшип самғаған Pad 1 ұшыру алаңындағы "отырғыш" атанып кеткен старт тағаны қазір жоқ, бұзылып тасталды. Бірақ аса ауыр зымыран үдеткішін тарихта бірінші болып "қолмен қармаған" мұнара орнында. Әріректе Starbase қаласы мен өндіріс алаңдары, соның ішінде зымыран детальдарын шығаратын Starfactory фабрикасы орналасқан. Биік MegaBay 1, MegaBay 2 ғимараттарында дайын бөлшектерден алып үдеткіштер мен кемелер құрастырылады. Ал былтыр сүрілген Highbay ангарының орнында әлдеқайда үлкен Gigabay тұрғызылып жатыр. Түсініктірек болу үшін аймақтың картасын да жариялап қояйық.STARBASE, 21 МАМЫР 2026 ЖЫЛТехас штатындағы SpaceX компаниясының Starbase ғарыш кешені. Pad 2 ұшыру алаңында 12-ші сынаққа қатысқан Starship зымыраны тұр. Алғашқы он бір Старшип самғаған Pad 1 ұшыру алаңындағы "отырғыш" атанып кеткен старт тағаны қазір жоқ, бұзылып тасталды. Бірақ аса ауыр зымыран үдеткішін тарихта бірінші болып "қолмен қармаған" мұнара орнында. Әріректе Starbase қаласы мен өндіріс алаңдары, соның ішінде зымыран детальдарын шығаратын Starfactory фабрикасы орналасқан. Биік MegaBay 1, MegaBay 2 ғимараттарында дайын бөлшектерден алып үдеткіштер мен кемелер құрастырылады. Ал былтыр сүрілген Highbay ангарының орнында әлдеқайда үлкен Gigabay тұрғызылып жатыр. Түсініктірек болу үшін аймақтың картасын да жариялап қояйық.

11 июн. 2026 г.22В Telegram